Сәтбаев қаласында жаңартылған «Ақбота» балабақшасы ашылды
© Сурет: «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС
"Қазақмыс" корпорациясы Сәтбаев қаласындағы "Ақбота" бөбекжайына күрделі жөндеу жұмыстарын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жоба Ұлытау облысының әкімдігімен меморандум аясында жүзеге асырылып жатқан, компанияның корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігінің ауқымды бағдарламаларының бір бөлігі. Жобаның жалпы құны-967 миллион теңге.
Жергілікті атқарушы органдардың негізгі сұрауларының бірі мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне кезек мәселесін шешу болған. Бөбекжайды іске қосу балабақша кезегін қысқартуға және 320 баланы тәрбиелеу үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Күрделі жөндеу жұмыстары аясында балабақша толығымен жаңартылып, заман талабына сай жабдықталған. Шатыры, қасбеті мен инженерлік коммуникациялар жөнделіп, ойын бөлмелеріне жылы едендер салынды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бейнебақылау камералары мен өрт дабылы орнатылған.
Балалардың жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлінеді. Монтессори бөлмесі, денсаулықты нығайтуға арналған тұз бөлмесі, денешынықтыру бөлмесі, музыка бөлмесі және шығармашылық аймақтар бар. Балабақша аумағындағы ойын алаңдары жаңартылып, ағаштар отырғызылып, жаңа асфальт төселді.
"Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Нұрахмет Нуриев бұл жоба компанияның жаңа әлеуметтік бастамаларын ашатынын атап өтті. Жақын уақытта өңірде тағы сегіз маңызды жобаны аяқтау жоспарлануда.
Сәтбаев қаласының әкімі Мұрат Бөрібаев балаларды тәрбиелеу үшін жағдай жасау, болашақ ұрпақты лайықты тәрбиелеудің кепілі екенін атап өтті.
Осындай көлемді жобалар "Қазақмыс" корпорациясының әлеуметтік жауапкершілгі мен өңірлердің болашағы мен дамуына қосып жатқан ерекше үлесінің дәлелі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:22, 16 қаңтар 2025
Германияда ер адам ұлы мен жұбайын уландырмақ болды деген күдікке ілінді
-
13:09, 16 қаңтар 2025
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: Көлік министрлігінің жаңа мәлімдемесі
-
12:55, 16 қаңтар 2025
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы дабыл қағуда: жаңа вирус түрі анықталды
-
12:46, 16 қаңтар 2025
Ұлттық ұланның офицері қыздың өмірін сақтап қалды
-
12:39, 16 қаңтар 2025
Аштан өлтірді: ресейлік әйел баласын 80 күн бойы тамақтандырмаған