Алматыда гимнастика орталығы салынады
© Сурет: gov.kz
Алматының Алатау ауданында Қазақстан гимнастика федерациясының орталығын салу жобасы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 29 қазанда ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді.
Арнайы спорт кешенін №13 шағынаудандағы 3/1 учаскесінде салу жоспарланып отыр.
Министрліктің мәліметінше, орталық құрамына спорттық және көркем гимнастика, батут және аэробты гимнастика, спорттық акробатика залдары, сондай-ақ жарыстар өткізуге арналған әмбебап зал кіреді.
Сонымен қатар жоба аясында хореография және балалар гимнастикасы залдары, медициналық-оңалту орталығы, әкімшілік бөлмелер мен жатақхана қарастырылған.
Жоба құжаттарына сәйкес, кешен негізгі, жастар және жасөспірімдер санатындағы 670-тен астам спортшыны даярлауға арналған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:20, 29 қазан 2026
Қазақстанда ұшақ бортында жоғары жылдамдықты Wi-Fi іске қосылды
-
17:10, 29 қазан 2026
Елдос Сметов пен Талғат Орынбасар Grand Slam турнирінің қола жүлдесі үшін күреседі
-
17:06, 29 қазан 2026
Қазақстанда қалың қар мен нөсер жаңбыр жауып, -9 градусқа дейін аяз болады
-
16:53, 29 қазан 2026
Сайранның суы тартылып, көпірі алынды: көл қазір қандай күйде - фоторепортаж
-
16:51, 29 қазан 2026
Азық-түлік 18%-ға қымбаттауы мүмкін: Дүниежүзілік банк дабыл қақты






