Студенттердің дипломдық жұмысты ЖИ көмегімен жазуына рұқсат па
© Сурет: pexels
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2026 жылғы 12 қарашада Орталық коммуникациялар қызметінде (ОКҚ) өткен брифинг барысында қазақстандық студенттерге жасанды интеллектіні (ЖИ) пайдалануға неліктен рұқсат етілгенін түсіндірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Саясат Нұрбек 2022-2023 жылдары осы сипатта үлкен төңкеріс басталғанда "студенттерге зерттеу жұмыстарында немесе оқу процесінде ЖИ құралдарын пайдалануға рұқсат беру керек пе, жоқ па" деген сұрақ туындағанын айтты.
"Шынын айтқанда, бәріне толықтай тыйым салу мүмкін емес. Барлық ереже мен бұйрықтарда солай жазып қоюға болады, бірақ планшет немесе компьютер ұстаған кез келген адам – ЖИ-дің ықтимал қолданушысы. Сондықтан біз өз тарапымыздан жасанды интеллект элементтерін білім беру үдерісіне барынша қосу туралы шешім қабылдадық", – дейді ол.
Студенттік немесе зерттеу жұмыстарын жазу кезінде оларға бірнеше шартты сақтай отырып, ЖИ элементтерін пайдалануға рұқсат етілген.
"Аналитикалық бөлімдерді, қорытындыларды жазу кезінде алгоритмдерді пайдалануға болмайды. Бұл жерде студент өзі зерттеп, өз қорытындысын шығаруы тиіс. Келесі шарт – ЖИ немесе алгоритм нәтижелерін пайдаланған кезде міндетті түрде дәйексөз келтіру керек. Яғни, мына немесе ана тұсты осындай алгоритмнің көмегімен алғанын және оны өңдеп, осындай деректерді бергенін жазу қажет", деп түсіндіреді министр.
Саясат Нұрбек өзі де күнделікті қызметінде алгоритмдерді қолданатынын мойындады.
"Бір нәрсені тез түсіну керек болса, мен мынандай бұйрық беремін: "Өтінемін, бұл мәселені маған 10 жасар балаға түсіндіргендей, мейлінше қарапайым етіп, аргументтермен, визуалды түрде түсіндіріп бер". Сонда күрделі сұрақтарды бірден түсіну оңайырақ болады. Сондықтан біз ЖИ оқуды тездетуге көмектесетін көмекші құрал болуы керек деген позициядамыз", деп сөзін түйіндеді Ғылым және жоғары білім министрі.
Бұған дейін Ғылым министрі "отандық ЖОО-лардағы оқу ақысы қымбат" деген пікірмен келіспейтінін айтқан болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:37, 12 қараша 2026
«Айына 2-7 млн теңге»: Саясат Нұрбек Қазақстан ғалымдары қанша табыс табатынын айтты
-
21:24, 12 қараша 2026
«Көктайғақ, тұман, қатты жел». Жұмада еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
20:55, 12 қараша 2026
Жезқазғанда капоты ашық көлікті жүргізген жүргізуші жауапқа тартылды
-
19:52, 12 қараша 2026
«Самұрық-Қазына» және ҚТЖ басшыларының ұсталуы: Тоқаев Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді
-
19:49, 12 қараша 2026
Алматыда түнде жасөспірім жүрген мейрамхананың жұмысы үш айға тоқтатылды





