Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова қызметінен босатылды
© Сурет: primeminister.kz
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Гүлзат Ізбасарқызы Көбенова ғылым және жоғары білім вице-министрі қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылы 13 қарашада Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Гүлзат Көбенова бұл лауазымды қызметке 2025 жылы жазда тағайындалған болатын.
Ол 1978 жылы Ақтөбе облысында дүниеге келген. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 1998 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті тарих кафедрасының оқытушысы болып бастаған.
- 2002-2009 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде және Ақтөбе педагогикалық институтында басшылық қызметтер атқарды.
- 2009-2010 жылдары — ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің ақпарат басқармасының сарапшысы, басшысы.
- 2010-2018 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігінде түрлі лауазымды қызмет атқарды.
- 2018-2019 жылдары — ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев кітапханасы директорының орынбасары.
- 2019 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында ҚР Президенті Кеңсесінің сектор меңгерушісі және инспекторы болып жұмыс істеді.
- 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы қаңтарға дейін — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы.
- 2020-2022 жылдары — ҚР БҒМ Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы.
- 2022-2023 жылдары — ҚР ҒЖБМ Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы.
- 2023 жылдан бастап қазіргі қызметіне дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитетінің төрағасы болып қызмет етті.
Бұған дейін Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) Алматы филиалына Алмаз Күнғожин директор болып тағайындалғаны хабарланған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 13 қараша 2026
Алматы қаласы бойынша дауылды ескерту жарияланды
-
17:31, 13 қараша 2026
Конькимен жүгіруден әлем кубогының кезеңінде отандық спортшы күміс медаль еншіледі
-
17:20, 13 қараша 2026
Алматыда «заңсыз құрылыс» туралы жалған ақпарат таратқан журналисттен 43 млн теңге өндірілетін болды
-
16:58, 13 қараша 2026
Астана мен Алматыда қар мен жаңбыр жауады, Шымкентте күн 14 градусқа дейін жылынады
-
16:55, 13 қараша 2026
Қазақстанда инфляция қашан 5%-ға дейін төмендейді: Ұлттық банк болжамы





