Сенаторлар 27 қыркүйекте бірқатар заң жобаларын қарайды

14:44, 24 қыркүйек 2018

Сенаторлар 27 қыркүйекте Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше бір мемлекеттің азаматтары Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше екінші мемлекеттің аумағындағы еңбек қызметін жүзеге асыру кезінде ұшыраған өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі туралы келісімді, Қазақстан мен Иордания үкіметтері арасындағы Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобаларын; заңнамаға діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы; «Стандарттау туралы» заң жобасын, заңнамаға өлшем бірлігін қамтамасыз ету және стандарттау мәселелері бойынша түзетулер енгізу туралы заң жобаларын қарайды деп хабарлайды zakon.kz.

Сенаторлар отырыс барысында Сенаттың Конституциялық заңнама,сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті мүшелерінің жол жүрісіннің қауіпсіздігі мәселелері жөніндегі депутаттық сауалына жауапты қарайтын болады.


Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!