Сенаторлар аутстаффингке қатысты заңнамаға енгізілетін өзгерістерді қарайды

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата Бюросының отырысы өтті. Онда депутаттар 2020 жылғы 3 желтоқсанда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін талқылады, деп хабарлайды zakon.kz.
Палатаның жалпы отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын сайлау және қызметінен босату мәселесі қаралады. Сондай-ақ сенаторлар Мәжіліс мақұлдаған "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" және "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын қарайды.
Сонымен қатар Бюрода Мәжілістен келіп түскен заң жобалары тұрақты комитеттерге бөлініп берілді.
Одан бөлек, депутаттар "Жаңа жағдайдағы экономикалық даму: Қазақстан шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау және дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты және құқықтық реттеуді жетілдіру" тақырыбына арналған Парламенттік тыңдауға дайындық барысын пысықтады. Аталған іс-шара 2020 жылғы 4 желтоқсанда өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:43, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда кафе мен мейрамханалардың жұмыс уақыты өзгертілді
-
21:33, 15 қаңтар 2021
Нұр-Сұлтанда сауда-ойын сауық орталықтары қалай жұмыс істейді
-
17:51, 15 қаңтар 2021
ШҚО-дағы шектеу шаралары 31 қаңтарға дейін ұзартылды
-
17:08, 15 қаңтар 2021
Тұңғыш Президент Кітапханасының директоры тағайындалды
-
17:04, 15 қаңтар 2021
Тоқаев дауыс беру кезінде қалыс қалған қос партияға қатысты пікір білдірді
Пікір