Сенат Су кодексін түзетулермен Мәжіліске қайтарды
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
2025 жылдың 20 наурызында жалпы отырыста сенаторлар Су кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынып, ілеспе заң жобасы бар құжатты Мәжіліске қайтарды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Депутаттар құжатты тұжырымдамалық тұрғыдан қолдады. Бұл ретте заңның жекелеген баптарының жаңа редакциясы ұсынылды.
Атап айтқанда, Салық кодексінде көзделмеген салық салуды болдырмау мақсатында су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем жасау ережелері нақтыланды. Тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы уәкілетті органның елді мекендерді сумен жабдықтау және су бұру саласындағы құзыреті де түзетілді.
Су кодексі су ресурстарын қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалаудан басқа, жер асты су ресурстарын реттеуді көздейді. Ұлттық гидрогеологиялық қызметтің қайта құрылуына байланысты уәкілетті органға жер асты суларына мониторинг және барлау-бағалау жұмыстарын жүргізу өкілеттігі берілді.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арнайы су пайдалануға рұқсатсыз екі миллион текше метрге дейін еріген суды жинап, кейіннен суару үшін пайдалана алады.
Жаңа Су кодексінде Қазақстандағы жағажай демалыстары өзгеретіні бұған дейін хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:35, 29 сәуір 2026
АҚШ-тың Иранға қарсы операцияға қанша қаржы жұмсағаны белгілі болды
-
22:19, 29 сәуір 2026
Қызылордада сәбиін сатпақ болған ана ұсталды
-
21:58, 29 сәуір 2026
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы жағажайдағы Азия ойындарын сегіз медальмен аяқтады
-
21:37, 29 сәуір 2026
Алтын әшекейлерді ломбардқа өткізіп үлгерген: Кентауда ұрылардың әрекеті камералар арқылы әшкереленді
-
21:13, 29 сәуір 2026
Аида Балаева: Балалар – басты құндылығымыз





