Сенат ХААҰ-ның негізгі органдарын кеңейту туралы хаттаманы ратификациялады
© Фото: Zakon.kz/Екатерина Елисеева
Сенат Халықаралық азаматтық авиация ұйымы туралы конвенцияға енгізілген, ХААҰ органдарының құрамын кеңейтуді көздейтін хаттамаларды ратификациялады. Бұл Қазақстанға жаһандық авиациялық саясатты қалыптастыруға белсендірек қатысуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Құжатқа берілген қорытындыда Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияның 50 а) және 56-баптарына өзгерістер енгізуді көздейтін хаттамалар 2016 жылғы 6 қазанда Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ХААҰ) 39-сессиясында қабылданғаны көрсетілген. Бұл хаттамалар 1944 жылғы Чикаго конвенциясына қатысушы барлық мемлекеттер үшін ратификациялауға ашық.
"Енгізілетін өзгерістердің мәні – ХААҰ Кеңесінің құрамын 36 мемлекеттен 40 мемлекетке дейін ұлғайту. Бұл мүше мемлекеттердің неғұрлым әділ, теңгерімді және географиялық тұрғыдан кеңінен ұсынылуын қамтамасыз етуге бағытталған. Сондай-ақ, ХААҰ-ның Аэронавигациялық комиссиясының құрамын 19 мүшеден 21 мүшеге дейін көбейту қарастырылған. Бұл техникалық сараптаманы күшейтіп, ұйымның нормативтік қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 2022 жылы өткен ХААҰ Ассамблеясының 41-сессиясында мүше мемлекеттер ұйым органдарын реформалау қажеттігін мойындап, тиісті хаттамаларды жедел ратификациялауға шақыратын қарар қабылдады. Өзгерістердің күшіне енуі үшін 128 мемлекеттің ратификациясы қажет. Қазіргі уақытта бұл өзгерістерді 120 мемлекет ратификациялаған",- делінген ақпаратта.
Аталған хаттамаларды ратификациялау Қазақстанға халықаралық авиациялық саясатты қалыптастыруға белсенді қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Сонымен қатар, бұл еліміздің ХААҰ органдарына мүше болуына үміткер ретінде ұсынылуына алғышарттар жасайды.
Бұған дейін Жоғарғы сот судьясы қызметінен босатылғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:03, 19 наурыз 2026
Тараз тұрғынынан 5 млн теңге бопсалаған күдікті ұсталды
-
17:34, 19 наурыз 2026
Мемлекет басшысы бір топ азаматқа мемлекеттік наградалар табыстады
-
17:27, 19 наурыз 2026
Тоқаев еліміздің ғылыми-академиялық қоғамдастығына үндеу жасады
-
17:24, 19 наурыз 2026
Президент: Қазақстанда жұмыс істейтін әр филиал бәсекені арттыруға ықпал етуі керек
-
17:16, 19 наурыз 2026
«Ғылыми әзірлемелер елге нақты пайда әкелуі керек» - Тоқаев





