Сенат экология және экономиканың жекелеген салаларына қатысты түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдады
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
2026 жылғы 18 маусымда Сенат депутаттары экология мәселелері мен экономиканың жекелеген салаларын жетілдіруге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Құжат Қазақстанның экологиялық заңнамасын жетілдіру мақсатында әзірленген.
Заң жобасы экология саласын цифрландыруға, қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге, климаттық реттеу тетіктерін дамытуға, сондай-ақ экологиялық бақылау мен қадағалаудың тиімділігін арттыруға бағытталған бірқатар заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.
Заң жобасының негізгі нормалары:
- экология саласын цифрландыру және экологиялық реттеу мен бақылауды жетілдіру;
- көміртегі офсеттері мен климаттық қаржыландыру тетіктерін дамыту;
- қалдықтарды басқару және қайталама ресурстарды қайта өңдеу жүйесін жетілдіру;
- өндірушілер мен импорттаушылардың кеңейтілген міндеттемелері қағидатын іске асыруды жетілдіру;
- Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің жұмысын жетілдіру;
- мемлекеттік экологиялық сараптама мен қоғамдық тыңдаулар өткізу рәсімдерін оңтайландыру;
- инвестициялық жобалар мен көмірсутектерді барлау жобалары үшін (теңіздегі барлаудан басқа) экологиялық рұқсаттар мен қорытындылар алу мерзімдерін қысқарту;
- қалдықтарды басқару және қайталама ресурстарды өңдеу жүйесін ұйымдастырушылық-техникалық әрі ақпараттық қамтамасыз ету тәртібін бекіту құзыретін уәкілетті органға беру;
- ауылдар, кенттер және ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдарына коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау және көму орындарын ұйымдастыру құзыретін беру;
- қалдықтарды тұрақты есепке алу нысанын және оны толтыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту арқылы есепке алу жүйесін жетілдіру;
- мемлекеттік орман қоры аумағында өртті ерте анықтау жүйесін енгізуді материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша өндірушілердің (импорттаушылардың) кеңейтілген міндеттемелері операторының функцияларын кеңейту;
- климаттық қаржыландыру қағидаларын және Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі негіздемелік конвенциясы аясындағы Париж келісімінің 6-бабы бойынша нарықтық тетіктерді іске асыру қағидаларын бекіту құзыретін айқындау;
- киік туындыларының айналымы жүйесінің операторын, оның өкілеттіктерін және киік туындыларын өткізу тәртібін белгілеу.
Бұған дейін Экология министрлігі Атырау облысына экологиялық апат аймағы мәртебесін беру мәселесіне қатысты түсініктеме берген болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:55, 18 маусым 2026
Тоқаев Эдуардо Менезеспен кездесу өткізді
-
17:40, 18 маусым 2026
Алматыда 18 маусымнан бастап үш көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі
-
17:34, 18 маусым 2026
Өзбекстан президенті ұлттық құраманың 2026 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы ойынына баға берді
-
17:27, 18 маусым 2026
Жаңбыр мен аптап ыстық: алдағы күндері Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
-
17:27, 18 маусым 2026
Жаңбыр мен аптап ыстық: 19-21 маусым аралығында Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады





