Алматыда 18 маусымнан бастап үш көшеде біржақты қозғалыс енгізіледі
© Сурет: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі
Алматыда Достық даңғылының, Зенков және Атамекен көшелерінің жекелеген учаскелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 маусымнан бастап Алматының Медеу ауданында Достық даңғылының Гоголь көшесінен Жібек жолы даңғылына дейінгі бөлігінде солтүстік бағытта, сондай-ақ Зенков көшесінің Мақатаев көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі бөлігінде оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс енгізіледі.
Алматының Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының өкілдерінің мәліметінше, бұдан бөлек, Әуезов ауданында Атамекен көшесінің (Атамекен шағынауданы) №103 үйден №108 үйге дейінгі бөлігінде оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс ұйымдастырылған.
"Аталған шешім Алматы полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасымен бірлесіп жүзеге асырылып жатыр және көлік жүктемесін азайтуға, көше жол желісінің өткізу қабілетін арттыруға, сондай-ақ жолдағы даулы жағдайлардың санын қысқартуға бағытталған", – делінген хабарламада.
Өзгеріс қазіргі көлік жағдайына жүргізілген талдау нәтижесі мен аудан тұрғындарының өтінішін ескере отырып қабылданды.
Біржақты қозғалыс пилоттық режимде енгізілетіні атап өтілді. Алдағы шешімдер оның тиімділігіне жүргізілетін мониторинг қорытындысы бойынша қабылданады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:21, 18 маусым 2026
Шымкентте TikTok-та жала жапқан әйелге ірі көлемде айыппұл салынды
-
19:15, 18 маусым 2026
ШҚО-да танысын бопсалаған күдікті ұсталды
-
19:05, 18 маусым 2026
Әртістік жүзу: Әлем кубогының суперфиналында Қазақстан намысын кімдер қорғайды
-
18:40, 18 маусым 2026
19 маусымда Қазақстанның 14 өңірінде аптап ыстық болады
-
18:33, 18 маусым 2026
115 млн теңгенің алтын бұйымы жоғалды: Көкшетауда экс-директорға қатысты тергеу басталды





