Жаңбыр мен аптап ыстық: алдағы күндері Астана, Алматы және Шымкентте ауа райы қандай болады
© Фото: unsplash
"Қазгидромет" РМК мамандары Астана, Алматы және Шымкент қалаларына алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 2026 жылғы 19-21 маусым аралығында еліміздің үш ірі мегаполисінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ ауа температурасы +35°C-қа дейін көтеріледі.
Астанадағы ауа райы
19 маусым: Ауыспалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +17…+19°C, күндіз +33…+35°C.
20-21 маусым: Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыс желі 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +33…+35°C.
Алматыдағы ауа райы
19 маусым: Ауыспалы бұлтты. Күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз екпіні 13 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +31…+33°C.
20-21 маусым: Ауыспалы бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желі 3-8 м/с, күндіз екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +19…+21°C, күндіз +30…+32°C.
Шымкенттегі ауа райы
19 маусым: Ауыспалы бұлтты. Өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желі 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +16…+18°C, күндіз +33…+35°C.
20 маусым: Ауыспалы бұлтты. Күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желі 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +20…+22°C, күндіз +33…+35°C.
21 маусым: Ауыспалы бұлтты. Кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыс желі 8-13 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +21…+23°C, күндіз +33…+35°C.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:21, 18 маусым 2026
Шымкентте TikTok-та жала жапқан әйелге ірі көлемде айыппұл салынды
-
19:15, 18 маусым 2026
ШҚО-да танысын бопсалаған күдікті ұсталды
-
19:05, 18 маусым 2026
Әртістік жүзу: Әлем кубогының суперфиналында Қазақстан намысын кімдер қорғайды
-
18:40, 18 маусым 2026
19 маусымда Қазақстанның 14 өңірінде аптап ыстық болады
-
18:33, 18 маусым 2026
115 млн теңгенің алтын бұйымы жоғалды: Көкшетауда экс-директорға қатысты тергеу басталды





