Семейде зейнеткер-сутенер сотталды

21:30, 31 мамыр 2023

© Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

Семей қаласының пробация қызметіне 62 жастағы әйел есепке алынды. Ол қаланың сауналарының бірінде притон ұйымдастырған. Зейнеткер интим саласында қызмет көрсетуді ұйымдастырды деп айыпталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, әйел клиентке әкімші болып жұмыс істеген саунаның ішінде орналасқан бөлмеде интимдік қызмет көрсететін Б. есімді "жұмысшымен" кездесу ұйымдастырған. Олар сағатына 15 мың теңге сомасына келіскен. Алайда сауна әкімшілігі "жұмысшыға" көрсеткен қызметтері үшін 3 мың теңге төлеген. Қызметті алғаннан және төлегеннен кейін клиент “102” арнасына қоңырау шалып, болған оқиғаны баяндап берген.


"Ол үшін әйел ҚР ҚК-нің 309-бабының 1-бөліміне сәйкес (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) бойынша сот үкімі бойынша екі жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ ҚР ҚК-нің 63-бабының негізінде жаза пробациялық бақылау белгіленіп, шартты деп саналды. Есепке қойылғаннан кейін аталған әйел ықтимал салдармен таныстырылды. Пробациялық бақылаудан жалтарған жағдайда жазаны өтеу шарттары мен тәртібі және сот үкім бойынша тағайындаған міндеттерді орындамаған жағдайда, шартты соттылығы жойылып түзеу мекемесіне жіберіледі". Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті Семей қаласының Затон аудандық пробация қызметі бастығының орынбасары Ерлан Кадырманов

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!