Семейде «Алтын күз» ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтті

09:25, 23 қазан 2017

Семейде «Алтын күз» деп аталатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.

Оған қаланың іргесіндегі бірлестіктер мен шалғай аудандардың да шаруашылықтары қатысып, өз өнімдерін халыққа ұсынды. Мәселен, Аягөз ауданынан 3 тоннадан астам ет өнімдері жеткізіліпті. Қала тұрғындары үшін ет, сүт өнімдерінен басқа картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ сияқты көкөніс түрлері де нарықтан 15-20 пайыз төмен бағамен саудаланды. Мұндай жәрмеңкелер қыс бойы жалғасын тауып, алдағы демалыс күндері Үржар, Жарма, Бородулиха, Бесқарағай, Абай аудандарының ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылмақ.

Әлібек Тоқбаев, Аягөз аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

– Жалпы мал басы өсімі 8 пайызды құрап отыр. 31 кооперативтің 21-і жұмыс істеп тұр. Қазіргі күнде 101 миллион осы шаруашылық мүшелері несие алып, өздерінің капиталдарын толтырумен қатар мал сою пунктін ашып,жаз мезгілінде бір қаладан екінші қалаға тасымалдау үшін ет таситын 2 көлікке сұраныс беріп, ол мәселе шешілуде.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!