«Семей таңы» газетінде латын әрпімен жазылған мақала жарық көрді

15:01, 21 қыркүйек 2017

Еліміздегі ең көне басылымдардың бірі «Семей таңы» газетінде латын әрпімен терілген мақала жарық көрді. Онда латын әліпбиінің бұл газет үшін жат еместігі, жаңа бастаманың халқымыздың игілігі үшін зор пайдасы бар екендігі жан-жақты айтылған.

Бір ғасырлық тарихы бар үнпарақ 1930 және 1935 жылдар арасында «Жаңа ауыл», «Қызыл дала», «Социалды Шығыс» деген атаумен шыққан жылдары латынша басылған. Сондықтан редакция ұжымы жаңа әліпби қоғамдық сананы жаңғыртып, рухани серпіліс әкеледі деген сенімде отыр.

Риза Молдашева, «Семей таңы» газетінің директоры: 

-Жалпы халықтың қолдауы, редакцияға қоңырау шалған халықтың пікірі жақсы. Соған қарағанда біздің қандастарымыздың осы әліпбиге, латын әліпбиіне өтуге көзқарастары дұрыс деп ойлаймын. Біздің редакциямыздың қызметкерлерінің барлығы әзірге осы жоба болса да осы әліпбиді қолға алып, әрқайсысы үйреніп жатыр.

Источник: khabar.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!