Сәкен Бибосынов: Парижге алтын үшін келіп едім, бірақ қола жүлде де бұйырмады
© Сурет: olympic.kz
Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы жеңілістен соң сұхбат берді, деп хабарлайды Zakon.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
"Өкінішке қарай, басты қарсыласымнан жеңіліп қалдым. Осы ойындарға алтын үшін келіп едім. Бірақ қола жүлде де бұйырмады.
Шаршы алаңда барымды салдым. Бірақ төреші қолымды көтерген жоқ. Төрешілікке қатысты ештеңе айта алмаймын. Мен тек ринг ішіндегі жекпе-жекке жауап беремін.
Қазақ елінің намысын абыроймен қорғай алмадым. Қателіктер кетті. Енді осы кемшіліктермен жұмыс істейміз", - деді Бибосынов.
Сондай-ақ, боксшы өзіне сенім артқан барша жанкүйерге алғысын айтты.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:06, 15 қаңтар 2025
Несие алудан ерікті түрде қалай бас тартуға болады
-
16:00, 15 қаңтар 2025
Көлікке мемлекеттік нөмірдің телнұсқасын қалай алуға болады: қазақстандықтарға нені білу керек
-
15:52, 15 қаңтар 2025
Тіл саясаты комитетіне жаңа өкілеттіктер берілмек
-
15:47, 15 қаңтар 2025
Жаңа жоба: Шетелдік IT-мамандар елімізде жұмыс істей алады
-
15:36, 15 қаңтар 2025
Qazpatent «Қазақ тазысын» патенттеді