Сейсенбіде Қазақстанның үш облысында -1°С-қа дейін үсік күтіледі
© Сурет: pixabay
2025 жылғы 16 қыркүйек, сейсенбі күні Қазақстанда найзағай ойнап, кей жерлерде нөсер жауын жаууы, бұршақ пен тұман түсуі мүмкін, сондай-ақ үсік жүреді. Бұл жөнінде "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, түнде үсік күтіледі:
- -2°С-қа дейін – Абай облысының шығысында, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында,
- топырақ бетінде -1°С-қа дейін – Ақмола облысының солтүстік-шығысында.
"Атмосфералық фронтал бөліктердің әсерінен Қазақстанның солтүстік, солтүстік-батыс, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық аймақтарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ түсуі мүмкін. Қарағанды облысында түнде, Жамбыл облысында күндіз қатты жауын-шашын болжанады", - делінген "Қазгидромет" РМК хабарламасында.
Елдің басқа өңірлерінде солтүстік-батыс антициклонының ықпалынан жауын-шашын жаумайды.
"Республика бойынша жел күшейеді, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал", - деп нақтылады "Қазгидромет" РМК.
Сонымен қатар бірқатар аймақта өрт қаупі күтіледі:
- жоғары өрт қаупі – Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының шығысында, Ақтөбе облысының батысы мен орталығында, Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында;
- төтенше өрт қаупі – Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік-батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының шығысында.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:45, 4 қыркүйек 2026
Ерлан Қарин: Құрылтайдағы ашық әрі тұрақты диалог – тиімді жұмыстың кепілі
-
22:45, 4 қыркүйек 2026
Ерлан Қарин: Саяси жүйенің жаңару үдерісі Құрылтайдан басталады
-
22:08, 4 қыркүйек 2026
Тоқаев Италия үкіметінің басшысы Джорджа Мелониді құттықтады
-
21:34, 4 қыркүйек 2026
«25 алтын медаль...». Қазақстан құрамасы VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
-
21:23, 4 қыркүйек 2026
Алматыда полицейдің қытығына тиген ер адам қамауға алынды





