Саты шатқалына глэмпинг, кэмпинг және караванинг қойылады
Қазақстанда экотуризмге деген қызығушылық күрт артады. Бұл туралы Алматы облысын Саты ауылында "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде экотуризмді дамытудың концепциясының таныстырылуы барысында Kazakh Tourism ұлттық компаниясының Басқарма төрағасы Ержан Еркінбаев айтты, деп хабарлайды zakon.kz.
"Бұл тыңғылықты жасалған тұжырымдама. Оны Премьер-министрдің және Экология, Мәдениет министрлерінің тапсырмасымен ұлттық парктің барлық шатқалдарымен бірнеше аралап шығып, ұзақ уақыт дайындадық", - деді Е.Еркінбаев қоғам өкілдері қатысқан жиында.
Ол БҰҰ-ның Бүкіләлемдік туристік ұйымы ауылдық және экологиялық туризмді осы жылдың ұраны етіп алғанын атап өтті. Себебі, пандемия әсерінен экотуризм жаһандық туризм үлесінің 30%-ын құраған.
"Экотуризм біздің еліміздегі туризм саласының ең келешегі зор бағыты. Мемлекет жерінің 10%-ы ерекше қорғалатын аумақтар. Экотуризмге инфрақұрылым салып, жағдай жасасақ та, жасамасақ та ол жаққа баратын адамдар саны жыл сайын көбейе береді. Сондықтан егер туризмді дұрыс ұйымдастырмасақ, экожүйеге түсетін антропогендік жүктеме артып, биоалуантүрлілікке қауіп төнеді. Жаңа маршруттар ашпасақ қазіргі бар орындарға зиян келеді", - деп түсіндірді ол.
Сондықтан тұжырымдама бойынша, ұлттық паркке келген туристер бұрынғыдай Көлсай, Қайыңды көлдерінің жағасында ұзақ бөгелмейді. Ол үшін Құрметті, Саты шатқалдарына глэмпингтер, кэмпингтер, караванингтер қойылады. Құрылыстың бәрі жеңіл конструкциялардың көмегімен жүреді. Заманауи 3 визит-орталық, этно-ауылдар салынады.
Жоба жеке инвестор тарту арқылы жүзеге асады. Оның жұмысын, талапқа сай жұмыс істеуін "Көлсай көлдері" ұлттық паркінде экотуризмді дамыту бойынша құрылатын қоғамдық кеңес бақылайды.
Бас жоспарға сәйкес, 2025 жылға қарай "Көлсай көлдеріне" келетін туристер саны 5 есе артады деген болжам бар. 2019 жылы парк 87 мың адам қабылдаған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады