«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды
© Сурет: Telegram/samrukkazynaofficial
2013 жылдан бері "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында жұмыс істеп келе жатқан Аңсар Айдаров "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 30 қазанда белгілі болды.
""Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен Аңсар Айдаров "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды. "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақұпов компания ұжымына жаңа басшыны таныстырып, жұмыс кеңесін өткізді", – делінген жұма күні "Самұрық-Қазына" Telegram-арнасында жарияланған хабарламада.
Жиын барысында Нұрлан Жақұпов негізгі инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімдерін қатаң сақтаудың маңызын атап өтіп, электр станцияларын уақытылы пайдалануға беруді тапсырды.
Аңсар Айдаров 2013 жылдан бері "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобында жұмыс істейді. Бұған дейін "Энергия Семиречья" ЖШС бас директоры, Жобалық кеңсенің жетекшісі және "Самұрық-Энерго" АҚ инвестициялар жөніндегі бас директоры қызметтерін атқарған.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
13:07, 30 қазан 2026
Алматыда демалыс күндері азық-түлік жәрмеңкесі өтеді: тағамдар 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
-
12:57, 30 қазан 2026
Кеңес әскери формасын киген бала Трамппен кездесуге Ақ үйге келді
-
12:44, 30 қазан 2026
Қазақстанда шетелге жұмысқа жіберу тәртібіне қатысты жаңа талаптар әзірленіп жатыр
-
12:31, 30 қазан 2026
Елена Рыбакина жарақатына байланысты Токиодағы турнирден шығып қалды
-
12:19, 30 қазан 2026
Қонаевтан Алматыға кеткен жасөспірім таудағы лашықтан табылды





