Сайлау нәтижесі: Алматы қаласы мәслихатының депутаттығына қай партиялар өтті

16:36, 24 наурыз 2023

© Сурет: Zakon.kz

24 наурызда "Алматы" телеарнасының тікелей эфирінде Алматы қаласы мәслихаттары депутаттарын сайлаудың қорытындысы бойынша аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Кезектен тыс сайлау 2023 жылдың 19 наурызында өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

АСК мәліметтері бойынша, Алматыдағы партияларға дауыс беру нәтижесі мынадай болды:
  • "Amanat" партиясы – 151 531 дауыс немесе 51,94%;
  • "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 8264 дауыс немесе 2,83%;
  • "Respublika" партиясы – 38 369 дауыс немесе 13,15%;
  • Қазақстан халық партиясы – 38 563 дауыс немесе 13,22%;
  • "Байтақ" жасыл партиясы – 23 266 дауыс немесе 7,97%;
  • Қазақстанның "Ақ жол" Демократиялық партиясы – 15 273 дауыс немесе 5,23%;
  • Барлығына қарсы 16 490 адам дауыс берді.

19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. 20 наурызда Орталық сайлау комиссиясы алдын ала қорытындыны жариялады. Оған сәйкес алты партия: "Amanat, "Ауыл", "Respublika", "Ақ жол", Қазақстан халық партиясы және ЖСДП мәжіліске кірді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!