S-Group және Sincere System Group ЖШС қаржы пирамидасының қызметі туралы іс сотқа жіберілді
© Фото: zakon.kz
23 ақпанда Алмалы ауданының соты Ж. Санаеваға, Т. Ковалевичке және Ф. Әйешке қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасауға жәрдемдесу, нақтырақ айтқанда Sincere System Group, S-Group ЖШС қаржылық пирамидасын құру фактісі бойынша қылмыстық істі қарауға кірісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тергеу органы жоғарыда аталған адамдар, заңсыз материалдық баю үшін салымшыларды жаппай тарту қажет екенін сезіне отырып, WhatsApp және Telegram әлеуметтік желілері арқылы іске асырылып жатқан жалған инвестициялық бағдарламалар туралы жалған ақпарат таратып, халықтың басым көпшілігіне S-Group жобасының қызметі туралы жалған ақпарат бергенін және әлеуетті салымшыларды ақша қаражатын салу туралы үгіттегенін анықтады.
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің жауабына сәйкес Sincere System Group ЖШС-да қаржы пирамидасы қызметінің белгілері бар.
"Компанияның қызметі, бағдарламаға қатысушының кірісін басқа қатысушыларды тарту арқылы салымдар есебінен қалыптастыруға, қатысушыларды иерархиялық құрылым бойынша тартуға, назар аудару мақсатында ауқымды жарнамаға бағдарлануға бағытталғанын ескере отырып, бұл қаржылық пирамида екенін аңғаруға болады. Баяндалғанды ескере отырып, ҚР азаматтарын жоғарыда аталған компаниямен кез-келген қаржылық өзара іс-қимыл жасамауды ескертеміз", - делінген Бас прокуратура таратқан хабарламада.
Сонымен қатар іс материалдарында мемлекеттік шекара асқан, қылмыстық қудалаудан жасырынып жүрген В. Машуровқа (Украина азаматы), М.Н. Авазоваға және Р.Р. Тажбеновке қатысты іс бөлектелініп алынғаны белгілі болды.
"Осы адамдарға қатысты сырттай "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалдарына сәйкес Sincere System Group қаржылық пирамидасының ұйымдастырушылары ретінде В. Машуровтың, М. Авазованың, Р. Тәжбеновтың қатысы бар екені анықталды".Бас прокуратура
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:54, 19 желтоқсан 2025
Жаңа жыл түні рұқсат етілетін ішімдік мөлшері белгілі болды
-
16:42, 19 желтоқсан 2025
Тараз қаласында төртінші «Келешек мектебі» ашылды
-
16:34, 19 желтоқсан 2025
-27°C дейінгі аяз бен қарлы боран: Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
-
16:28, 19 желтоқсан 2025
Сәулетшілер Алматының тарихи келбетін сақтап қалу үшін қандай жұмыстар жүргізіп жатыр
-
16:14, 19 желтоқсан 2025
Биыл қыста Алматының қай жерінде коньки тебуге болады





