Ржевте қазақстандық делегация отандастарының рухына тағзым етті

09:27, 17 сәуір 2025

© Сурет: kazembassy

Жеңістің 80 жылдығын мерекелеу аясында Тверь облысының Ржев қаласына қазақстандық делегация барып қайтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, еске алу рәсімі барысында делегация мүшелері 100-ші және 101-ші жеке атқыштар бригадаларының жауынгерлеріне арналған мемориалдық кешенге гүл шоқтарын қойды.

Сурет: kazembassy

Белгілі болғандай, бұл мемориал 2010 жылы ашылған болатын, ал Жеңістің 80 жылдығына орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша қайта қалпына келтірілді.

"Мемориал гранит қабырғадан тұрады, онда "100-ші және 101-ші атқыштар бригадалары жауынгерлеріне – алғыс білдіруші қазақстандықтардан" деген жазу қашалып жазылған. Қабырғаның оң жағында Қазақстан картасы бейнеленген панно орналасқан. Онда 1941 жылы осы атқыштар бригадалары жасақталған Алматы және Ақтөбе қалалары, сондай-ақ елорда Астана қаласы белгіленген. Мәрмәр тақталарда бұл бригадаларға Қазақстаннан шақыртылған он мыңға жуық жауынгердің есімдері қашалып жазылған",- делінген ақпаратта.

Сурет: kazembassy

Сондай-ақ қазақстандық делегация Совет жауынгері ескерткішіне және Трубино ауылындағы бауырластар зиратына гүл шоқтарын қойды. Бұл жерде шамамен 2000 сарбаз жерленген. Олардың арасында Қазақстан Президентінің туған ағасы – Касым Болтаев та бар.

Сурет: kazembassy

Бұған дейін Қазақстанда қанша ардагер бар екендігі жайлы жазған болатынбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!