Рыбакинаның БАӘ турнирінде неліктен ойынды тоқтатқаны белгілі болды

10:54, 19 ақпан 2026

© Сурет: j48tennis

Әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакина БАӘ-де өтіп жатқан турнирдің үшінші айналымындағы матчты аяқтай алмай, жарыстан шығып қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол хорватиялық теннисші Антония Ружичке қарсы кездесудің үшінші сетінде ойынды тоқтатты. Матч 7:5, 4:6, 0:1 есебімен Рыбакинаның жеңілісімен аяқталды.

Sportarena.kz мәліметінше, матч барысында қазақстандық спортшы өзін жайсыз сезінгенін айтқан. Медициналық үзіліс кезінде Рыбакина жүрегі айнып тұрғанын, дұрыс ұйықтамағанын және басының ауырып тұрғанын жеткізген.

Айта кетейік, турнир жеңімпазы 665 мың АҚШ долларын (шамамен 327,2 млн теңге) және WTA рейтингінің 1000 ұпайын иеленеді.

Бұған дейін Михаил Шайдоров Олимпиаданың гала-концертінде қандай образда өнер көрсететіндігін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!