Рыбакина Майамидегі турнирдің ширек финалына шықты

09:26, 24 наурыз 2026

© Фото: zakon.kz

Әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина Майамиде өтіп жатқан турнирдің ширек финалына шықты. Ол Австралиялық қарсыласы Талия Гибсонды (WTA рейтингінде 68-орын) сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық теннисші 1/8 финалдағы матчта бір сағат ішінде Гибсонды екі сетте 6:2, 6:2 есебімен ұтты.

Келесі кезеңде қазақстандық спортшының қарсыласы америкалық теннисші Джессика Пегула (әлемнің 5-ракеткасы) болады. Ол ширек финалға румындық Жаклин Кристианды (WTA-да 36-орын) 6:4, 6:1 есебімен жеңіп шықты.

WTA 1000 санатындағы Miami Open турнирінің жартылай финалына жолдама беретін матч 25 наурызға жоспарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!