Сейсенбіде елдің қай өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

17:11, 23 наурыз 2026

© Фото: zakon.kz

Қазгидромет синоптиктері ертең, 24 наурызда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

24 наурызда Алматы облысының батысында, оңтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі, облыстың таулы аудандарында түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында екпіні 15-20 м/с. Алматы қ.: 24 наурызда кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15 м/с. Қонаев қ.: 24 наурызда батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей уақыттарда екпіні 15-20 м/с. Іле Алатауы (Алматы қаласының Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтары) бойынша: 24 наурызда түнде кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз кей уақыттарда қатты жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде тұман. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

24 наурызда Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Қарағанды қ.: 24 наурызда кей уақыттарда тұман күтіледі.

24 наурызда түнде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың таулы аудандарында тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20, кей уақыттарда 23 м/с.

24 наурызда Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Облыстың батысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

24 наурызда Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ. Павлодар қ.: 24 наурызда тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ.

24 наурызда Қостанай облысының батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Қостанай қ.: 24 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

24 наурызда Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Түнде және таңертең жолдарда көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15 м/с.

24 наурызда Атырау облысының батысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман. Күндіз облыстың шығысында шаңды дауыл. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Атырау қ.: 24 наурызда күндіз жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең тұман.

24 наурызда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Өскемен қ.: 24 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

24 наурызда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с. Семей қ.: 24 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

24 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-18 м/с.

24 наурызда түнде Түркістан облысының таулы аудандарында жаңбыр, найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, орталығында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. Шымкент қ.: 24 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қ.: 24 наурызда солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Астана қ.: 24 наурызда түнде және таңертең тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі.

24 наурызда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Орал қ.: 24 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

24 наурызда күндіз Қызылорда облысының орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с күтіледі. Қызылорда қ: 24 наурызда күндіз шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

24 наурызда түнде Жамбыл облысының оңтүстігінде, күндіз таулы аудандарында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с күтіледі. Тараз қ.: 24 наурызда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі. Кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!