Дональд Трамп Иранмен бес күндік бітім жариялағанын мәлімдеді

17:58, 23 наурыз 2026

© Фото: zakon.kz

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен бес күндік бітім жариялағанын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы АҚШ президенті Truth Social әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Америка Құрама Штаттары мен Иран кейінгі екі күнде Таяу Шығыстағы әскери әрекеттерімізді толық әрі жан-жақты реттеу мәселесіне қатысты өте жақсы әрі нәтижелі келіссөздер жүргізгенін қуана хабарлаймын. Осы терең, жан-жақты және сындарлы келіссөздердің сипаты мен тонын ескере отырып, олар алдағы апта бойы жалғасады, мен Қорғаныс министрлігіне қазіргі кездесулер мен талқылаулар сәтті аяқталған жағдайда Иранның электр станциялары мен энергетикалық инфрақұрылымына кез келген әскери соққыларды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырдым", – деп жазды Трамп.

22 наурызда Трамп Иранға 48 сағаттық ультиматум қойып, Ормуз бұғазын ашуды талап еткен. Әйтпесе, АҚШ президенті Иранның энергетикалық инфрақұрылымына соққы беретінін мәлімдеген. Бұдан кейін ирандық БАҚ-та Ислам революциясы сақшылары корпусы атынан тараған хабарлама жарияланып, онда Иран Таяу Шығыстағы АҚШ-тың барлық инфрақұрылымын жоюға уәде беретіні айтылған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!