Руслан Құрбанов Әлем кубогының жартылай финалына шықты

17:41, 28 наурыз 2026

© Сурет: olympic.kz

Қазіргі таңда Астанада шпагамен семсерлесуден Әлем кубогының кезеңі жалғасып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ерлер арасындағы бәсекеде Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Руслан Курбанов үздік төрттіктің қатарына енді.

Ширек финалда отандасымыз Жапония елінің өкілі, екі дүркін Олимпиада чемпионы Кано Кокиден 9-8 есебімен басым түсті.

Курбановтың келесі қарсыласы — Давид Наги (Венгрия). Жартылай финал 17:40-да басталады.

Айта кетейік, Әлем кубогы кезеңі "Qazaqstan" жеңіл атлетика спорт кешенінде өтіп жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!