Перизат Қайраттың люкс автокөлігі онлайн сату платформасына шықты
© Фото: unsplash
Перизат Қайраттың дүние-мүлкі саудаға шыға бастады. "Біз біргеміз Қазақстан-2030" қайырымдылық қорының атышулы басшысының шамамен 80 миллион теңгеге бағаланған люкс автокөлігі онлайн сату платформасында тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
КТК дерегіне сүйенсек, Перизат мінген 2024 жылғы Mercedes автокөлігін сату 7 сәуірде аукцион арқылы жүзеге асады.
Сипаттамасында аккумуляторы отырып қалғандықтан, көліктің техникалық жағдайын тексеру мүмкін емес екені көрсетілген. Сонымен қатар бұл көлік мемлекеттік заңды тұлғаларға ұсынылмайды.
Еске салсақ, 2024 жылғы тасқын кезінде қайырымдылық ісімен танымал болған блогер Перизат Қайрат ірі алаяқтық жасағаны үшін 10 жылға сотталған.
Ол сол тасқынға деп елден жиған қаражатқа бірнеше люкс санаттағы автокөлік, элиталық пәтерлер мен дизайнерлік аксессуарлар, бағалы әшекей бұйымдар алған. Сондай ақ ірі сомадағы қаражатты иемденген. Енді бұл қымбат мүліктер аукционға шығарылып, түскен қаражат зардап шеккендерге өтемақы ретінде бағытталмақ.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:22, 27 наурыз 2026
Тұман, жаңбыр және найзағай: 28 наурызда Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
-
21:56, 27 наурыз 2026
Алматыда жүк көлігінің жүргізушісіне көмектескен жігітті соққыға жықты – видео
-
21:33, 27 наурыз 2026
Ақмола облысында жалған құжат жасамақ болған күдікті ұсталды
-
21:07, 27 наурыз 2026
«Қазірден-ақ мінезді»: Алматы хайуанаттар бағында амур жолбарыстарының үш шөнжігі дүниеге келді
-
20:45, 27 наурыз 2026
Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр





