Роналду өз құрамасы сапында 100 рет жеңіске жеткен әлемдегі алғашқы футболшы атанды

© Сурет: Instagram/portugal
Португалияның спорт жұлдызы Криштиану Роналду өз командасы үшін ресми матчтарда 100 рет жеңіске жеткен әлемдегі алғашқы футболшы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
13 қазанға қараған түні Португалия командасы УЕФА Ұлттар лигасының топтық кезеңінің үшінші турында Польшаны 3-1 есебімен жеңді. Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду осы кездесуде бір рет гол соқты. Осылайша, Роналду Португалия құрамасы үшін ресми түрде 100 ойында жеңіске жеткен тарихтағы алғашқы футболшы атанды.
"Ұлттар лигасындағы маңызды жеңіс. Барлығыңызға қолдау көрсеткендеріңіз үшін рақмет, алға қарай жылжи береміз". Криштиану Роналду
Польша құрамасының қақпасына гол соққан Роналду командалар арасындағы үздік бомбардирлер тізіміндегі көшбасшылық позициясын нығайтты. Бұл - оның өз елі үшін соққан 133-ші голы, одан кейін Аргентина үшін 109 гол соққан Лионель Месси тұр. Осы уақытта дейін португалдық өз мансабында барлығы 906 гол соға білген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:43, 15 маусым 2025
Ақтөбеде алты қабатты тұрғын үйде өрт шықты
-
17:20, 15 маусым 2025
40-42 градус: Қазақстанда аптап ыстыққа байланысты ескерту жасалды
-
16:43, 15 маусым 2025
Маңғыстауда өртеніп жатқан көлік жарылды
-
15:15, 15 маусым 2025
Ақмола облысында ауыл тұрғыны бақшасында қарасора өсірген
-
14:45, 15 маусым 2025
Алматы облысындағы өткелде жүк пойызы жол талғамайтын көлікті соқты