«Екі-үш айдан соң ІІІ-дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін». Трамптың аузы жаман

11:56, 13 қазан 2024

© Сурет: flickr

АҚШ президенттігінен үміткер Дональд Трамп қазіргі америкалық биліктің кесірінен жаһандық ауқымдағы әскери шиеленіс қаупі барын айтып, өз алаңдаушылығын білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол бұл туралы YouTube-тегі RSBN арнасы арқылы тікелей эфирден берілген Калифорниядағы сайлау алды митингі кезінде айтты. Трамп үшінші дүниежүзілік соғысқа жол берілуі ықтимал екенін, ол АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден билігі кезінде үш айдан кейін басталуы мүмкін екенін айтты.

"Мен алдағы үш-төрт айға алаңдаймын, өйткені біздің үкіметтегі адамдар кесірінен дүниежүзілік соғыс жағдайында қалуымыз ықтимал", - деді ол.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!