«Рөлді жібере салып, жүргізе аламын». Үш адамды қаққан мас әйелге қатысты тың дерек шықты
2020 жылы 22 маусымда сағат 21: 03-те Нұр-Сұлтанда "Мазда" көлігін тізгіндеген мас әйел жолдың қарсы бетіне шығып, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткені алдында хабарланған. Осы оқиғаға қатысты тың дерек пайда болды, деп хабарлайды zakon.kz.
"Евразия" Бірінші арнасы келтірген дерекке сүйенсек, 20 және 19 жастағы апалы-сіңлілі Алина мен Дильназ кішкентай бауырын қоларбаға салып, серуендеуге шығып, үйге қайтып келе жатқан. Өкінішке қарай, үшеуі де көлік астына түсті.
Төтенше жағдай орнына жедел жәрдем бригадасы келді. Дәрігерлер зардап шеккендерді құтқару үшін барын салуда. Бір жарым жастағы сәби жан сақтау бөлімінде. Дәрігерлер апалы-сіңлілердің бірінің жағдайын орташа деп бағалайды. Ал екінші қыздың жағдайы ауыр.
Қойылған диагноз - жабық бас жарақаты, мидың шайқалуы, кеуде омыртқасының сынуы. Жағдайы ауыр деп бағаланады, жансақтау бөлімінде. Болашақта хирургиялық емдеу қажет болуы мүмкін, - деді Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының травматолог-дәрігері Қасым Асқанов.
Апалы-сіңлілердің жанында кішкентай сіңлісі де болған. Алайда ол алысырақ тұрып, аман қалған. Ол қағатын көлікті көргенін, бірақ қорыққанынан аузына сөз түспегенін айтады. Бірақ ол барлығының қалай болғанын өз көзімен көрген:
"Терезе ашық тұрды, ол айғайлап сөйледі: "Мен рөлді ұстамай жүргізе аламын, міне былай" деп мақтанды, көзді-ашық жұмғанша апат болды, оның алдынан жастықша атылды, ол бірден көліктен секіріп шықты, оған түк болған жоқ", - деді.
Неге ішеді? Кішкентай Самирдің екі аяғы сынған! Үнемі құса береді. Бар-жоғы бір жарым жаста. Көптен күтіп, әрең қол жеткізген бала ол. Арбасы майысып қалған. Олар жақын тұрған көліктің астына қарай қысылған. Қайта екі көліктің арасында қалып қоймады, - дейді жәбірленушілердің тәтесі Гүлжамал Мұхамеджанова.
Мас әйелдің жанындағы жолаушыға да дәрігерлердің көмегі қажет болған. Ішімдікті ұнататын адам қазір түрмед. Қылмыстық іс қозғалды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:24, 19 ақпан 2025
Жетісу облысының прокуратурасы алаяқтар пайдаланатын интернет ресурстарын бұғаттады
-
12:16, 19 ақпан 2025
Қызылорданың прокурорларымен бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды
-
12:04, 19 ақпан 2025
Қостанай облысында полицейлер қарда жүретін көлікпен браконьерлер тобын ұстады
-
11:58, 19 ақпан 2025
Жамбыл облысында көлік тізгіндеген 15 жастағы жасөспірім полициядан қашқан
-
11:49, 19 ақпан 2025
Қылмыстық іс пен миллиондаған қарыздар: қарағандылық әйел сіңілісінің орнына сотталды
Танымал жаңалықтар
-
14:16, 18 ақпан 2025
-
18:43, 18 ақпан 2025
-
19:24, 18 ақпан 2025
-
22:46, 18 ақпан 2025
-
13:08, 18 ақпан 2025
-
13:17, 18 ақпан 2025
-
13:54, 18 ақпан 2025
-
15:45, 18 ақпан 2025
-
22:10, 18 ақпан 2025
-
21:53, 18 ақпан 2025
-
21:38, 18 ақпан 2025
-
17:15, 18 ақпан 2025
-
15:21, 18 ақпан 2025
-
15:05, 18 ақпан 2025
-
12:44, 18 ақпан 2025