Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай режимі жарияланды

© Сурет: Istagram/gorkovoy_dmitry
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов 24 наурызда Риддерде өңірлік ауқымдағы төтенше жағдай жарияланғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әкімнің айтуынша, қаланың жылу электр орталығының жұмысында үлкен кемшіліктер бар, жаңа RNGK компаниясының иесі қаңтардан бастап ешқандай жұмыс жүргізбеді.
"Өткен кезеңде үш миллиард теңгеден астам берешек қалыптасты, мазут, көмір, электр энергиясын жеткізуде олқылықтар болды. Сонымен қатар қараша айынан бастап шұғыл жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізген компанияларға еңбекақы төлеуде әлі кешіктірулер бар".Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов
Ол жұмыс процесінде ЖЭО 67рет тер істен шыққанын атап өтті. Бірнеше күн бұрын 4 және 5 жоғары қысымды қазандықтарда өрт болды, Кабельдік-өткізгіш өнімдер өртенді, көмір беру жолында ұсақ дисперсті шаң жарылды.
"Қазір біз жылыту маусымын аяқтауға мүмкіндік беретін режимде тиімді жұмыс істеуді қамтамасыз ету үшін станцияның барлық басқаруын өзімізге алуға мәжбүрміз".Даниал Ахметов
Оның сөзінше, жағдайды шешудің жалғыз жолы – Риддер ЖЭО-ны коммуналдық меншікке сатып алу.
"Біз осы бағытта заңнамаға сәйкес жұмыс істейміз және оң нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенеміз".Даниал Ахметов
23 наурыз күні Риддердегі жылу электр орталығында тағы бір апат болды.
Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы 24 наурыз күні Риддердегі жылу электр орталығына 11 миллион теңге айыппұл салынып, тұрғындар үшін жылу тарифі төмендетілетінін хабарлады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
21:35, 6 маусым 2023
Ақтөбе қаласының әкімі Мұрат Жөребеков қызметінен босатылды
-
21:19, 6 маусым 2023
Елордадағы су тапшылығы мәселесіне қатысты қала әкімі мәлімдеме жасады
-
20:55, 6 маусым 2023
Астанада зейнеткер әйелді алаяқ 16 млн теңгеге алдап соқты
-
20:32, 6 маусым 2023
Танымал ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеден озды
-
20:32, 6 маусым 2023
Қарымды қаламгер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қойшығұл Жылқышиев дүниеден озды