Риддерде есірткі препараты онкология ауруынан қайтыс болған адамға тағайындалған

17:11, 18 наурыз 2024

© Сурет: unsplash

Риддер қаласының прокуратурасы тексеру барысында "Риддер қалалық ауруханасы" ШЖҚ КМК-де есірткі, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу ережелерін бұзу фактісін анықтап, тергеу шаралары қолға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Трамадол" - ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 20 наурыздағы №240 қаулысымен Қазақстан Республикасында бақылауға жататын психотроптық заттардың тізіміне енгізілген, оларды өткізу және беру онкологиясы бар науқасқа дәрігердің рецепті бойынша ғана жүзеге асырылады.

"Аталған талаптарды бұзып, қалалық аурухананың онколог-дәрігері есірткі препаратын онкология ауруынан қайтыс болған адамға тағайындап, рецепт бойынша дәрі алуға рұқсат қағазын психоактивті заттарды қолданатын басқа адамға берген. Риддер қаласының прокуроры есірткі заттарымен, психотроптық немесе улы заттармен жұмыс істеу қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ҚК 303-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады".Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы

Ресми орган тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын нақтылайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!