Республикалық және облыстық бюджет арасындағы трансферттер көлемі туралы заңға қол қойылды

22:23, 4 желтоқсан 2019

Мемлекет басшысы "Республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы 2020 – 2022 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Сондай-ақ Ұлттық қордан республикалық бюджетке кепілдік берілген трансферттің өлшемдері бекітілетін "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2020 – 2022 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойылды.

Олардың мәтіні баспасөз беттерінде жарияланады.



Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!