Түркістан облысында 2 тонна құрылыс қалдығын көшеге төккен тұрғын жазаланды

18:50, 9 сәуір 2026

© Сурет: polisia.kz

Полиция қызметкерлері көше бойына 2 тоннадан астам құрылыс қалдығын төккен Қазығұрт ауданының тұрғынын анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тәртіп сақшылары бұдан бөлек 32 базар, 4 автобекет пен 160 қоғамдық орынды тексерді.

Нәтижесінде "нөлдік төзімділік" қағидаты аясында 144 құқық бұзушылық анықталып, заң талаптарына сәйкес шаралар қабылданды.

Атап айтқанда ортақ пайдаланылатын орындарды ластау бойынша 59 дерек, абаттандыру қағидаларын бұзуға қатысты 47 дерек, белгіленбеген орындарда сауда жасау бойынша 38 факті тіркелген.

Сонымен қатар полицейлер азаматтарға қоғамдық орындарда тазалық сақтау, заң талаптарын орындау және құқық бұзушылықтарға жол бермеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!