Нұрбек Оралбай жеңісі: Қазақстан қоржынына үшінші алтын түсті
© Сурет: Instagram/boxingkazakhstan
Моңғолияның Улан-Батор қаласында өтіп жатқан бокс бойынша 2026 жылғы Азия чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы кезекті алтын медальға қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл жолы ел қоржынына үшінші алтын жүлдені Нұрбек Оралбай салды. Париж-2024 Олимпиадасының жүлдегері 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында өзбекстандық Жасурбек Юлдошевпен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек барысында қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, үш раунд қорытындысы бойынша төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен (5:0) жеңіске жетті.
Осылайша, Нұрбек Оралбай 2026 жылғы Азия чемпионы атанып, Қазақстан құрамасына үшінші алтын медальді сыйлады.
Айта кетейік, бұған дейін Сабыржан Аққалыков пен Оразбек Асылқұлов та финалда жеңіске жетіп, ел қоржынына алтын жүлде салған еді.
Ал жанкүйерлер енді турнирдегі соңғы қазақстандық боксшы – Айбек Оралбайдың жекпе-жегін күтуде.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:13, 10 сәуір 2026
Биыл 3300-дей қандас атамекенге оралған
-
16:07, 10 сәуір 2026
Қазақстан мен Өзбекстан президенттерінің бейресми кездесуі өтеді
-
15:55, 10 сәуір 2026
Түркістанда полиция камералар көмегімен ереже бұзған 300-ден астам жүргізушіні әшкереледі
-
15:46, 10 сәуір 2026
10 сәуірдегі саудада доллар бағамы қайта төмендеді
-
15:31, 10 сәуір 2026
«Таза Қазақстан»: тұрғындардың өтінімдері Telegram-бот арқылы үздіксіз қабылдануда





