Ресми: Алматыда 2029 жылғы қысқы Азия ойындары өтеді
© Сурет: olympic.kz
Алматы қаласы 2029 жылы өтетін қысқы Азия ойындарының ресми ұйымдастырушысы болып бекітілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Тиісті құжатқа Италияның Милан қаласында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин мен Азия Олимпиадалық кеңесінің басшысы, мәртебелі Шейх Джоан бин Хамад Әл-Тани қол қойды.
Ресми рәсімге, сондай-ақ, Азия Олимпиадалық кеңесінің басшылығы, Азия елдері Ұлттық Олимпиадалық комитеттерінің өкілдері, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері, сонымен қатар, Милан-Кортина 2026 қысқы Олимпиада ойындарына орай ұйымдастырылған іс-шаралар аясында Миланда болған құрметті қонақтар мен ресми тұлғалар қатысты.
Алматыда спорттық және қалалық инфрақұрылым толық қалыптасқан. Осы фактор қалаға ауқымды қосымша құрылыс жүргізбей-ақ, кешенді халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді. Қолданыстағы спорт нысандарын тиімді пайдалану және ірі спорттық іс-шараларды ұйымдастырудағы мол тәжірибе Ойындарды жоғары деңгейде әрі ұтымды өткізуге негіз болмақ.
Азия ойындарының Қазақстанда өтуі ел үшін маңызды оқиға саналады және олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына қосымша серпін береді.
"Азия ойындарын қоса алғанда, ірі халықаралық жарыстарды ұйымдастыру ел үшін стратегиялық маңызы бар. Бұл халықаралық спорт қауымдастығының Қазақстанға деген жоғары сенімін білдіреді. Сондай-ақ еліміздің осындай деңгейдегі турнирлерді қабылдауға толық дайын екенін көрсетеді. 2029 жылғы қысқы Азия ойындарының Алматыда өтуі қысқы олимпиадалық спорт түрлерінің дамуына жаңа серпін береді. Бұл – біз үшін жинақталған тәжірибеге және қосымша нысандар салуды қажет етпейтін, қазірдің өзінде жұмыс істеп тұрған спорттық әрі қалалық инфрақұрылымға сүйене отырып, еліміздің ұйымдастырушылық мүмкіндігін іс жүзінде дәлелдеуге жол ашады. Қазақстан үшін қысқы Азия ойындарын қайта қабылдау – үлкен мәртебе", – деді Геннадий Головкин.
Айта кетейік, Қазақстан бұған дейін де ірі мультиспорттық жарыстарды сәтті өткізген. 2011 жылы елде қысқы Азия ойындары ұйымдастырылса, 2017 жылы Алматы қаласында Дүниежүзілік қысқы Универсиада өтті.
Бұған дейін 2029 жылғы Азия ойындарын өткізу құқығы Сауд Арабиясына берілген еді. Алайда қабылдаушы тарап инфрақұрылымдық жобалардың ауқымдылығына және жарыстарды дайындауға қойылатын қосымша талаптарға байланысты Ойындардың мерзімін кейінге шегеру қажеттігін мәлімдеген.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:50, 5 ақпан 2026
Қазақстанда кейінгі 10 жылда балалар саны 1,5 млн-ға артқан
-
20:40, 5 ақпан 2026
Петропавлда полицейлер әлеуметтік желідегі таралған хабарламаны тексерді
-
20:13, 5 ақпан 2026
Александр Бублик Астанада бір жасқа толған баланың тұсауын кесті
-
20:00, 5 ақпан 2026
Ақтөбеде полицейлер дропперді ұстап, қомақты қаражаттың шетелге шығарылуына жол бермеді
-
19:50, 5 ақпан 2026
Семей тұрғыны танысының телефонын уақытша алып, несие рәсімдеген





