Ресейде коронавирусқа қарсы вакцина тіркелді

14:52, 11 тамыз 2020

Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді, деп мәлімдеді Владимир Путин, деп хабарлайды zakon.kz РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Ресей әлемдегі тұңғыш коронавирусқа қарсы вакцинаны тіркеді. Менің білуімше, вакцина бүгін таңертең тіркелді, жаңа коронавирустық инфекцияға қарсы әлемдегі тұңғыш вакцина тіркеліп отыр", - деді ол үкімет мүшелерімен өткізген кеңес барысында.

Путиннің сөзінше, бұл вакцина айтарлықтай тиімді әсер береді, тұрақты иммунитет қалыптастырады және барлық қажетті сынақтар мен тексерулерден өткен.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!