Ресейде қарақшылар зейнеткерден ақша талап етіп, оны жертөледе азаптаған
© Фото: Zakon.kz
Мәскеу облысында полиция қарт адамға қатыгездікпен шабуыл жасады деген күдікпен екі адамды ұстады. Қаскөйлер ақша табу үшін жергілікті зейнеткерді бірнеше сағат бойы азаптаған, деп хабарлайды Zakon.kz.
РЕН-ТВ телеарнасының мәліметінше, күдіктілер таңертең ерте металл құралдарды алып, беттерін маскамен жауып, жеке үйдің есігін бұзып кірген.
"Олар үй иесін ұстап алып, оған құбыр кілті мен электрошокер қолданып дене жарақатын салған. Сонымен қатар қарттан ақшаның қайда жасырылғанын айтуды талап еткен. Алайда зейнеткер қолма-қол ақшаның қайда жатқанын айтпаған. Осыдан кейін қарақшылар оны скотчпен байлап, жертөлеге түсіріп кеткен,- деді Мәскеу облысы бойынша Ресей ІІМ ММ Ақпарат және қоғамдық байланыстар басқармасының бастығы Татьяна Петрова.
Кейін олар үйді тінтіп, бар болғаны 12 мың рубль ғана тапқан. Осылайша, қаскөйлер сол ақшаны алып, оқиға орнынан қашып кеткен.
Дереу ұсталған күдіктілер ұрланған ақшаны сол күні-ақ жұмсап жібергендерін айтқан. Қазір тергеушілер осы оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Бұған дейін Алматыда 81 жастағы қарияны ұрлап, оның жылжымайтын мүлкін өз аттарына жаздырып алмақ болғандар ұсталғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:16, 20 мамыр 2026
Қарағандыда мопед ұрлаған күдікті ұсталды
-
12:04, 20 мамыр 2026
Хабиб Нурмагомедов қарызға белшеден батты – БАҚ
-
11:53, 20 мамыр 2026
Алматыдағы магистральды көшелер біржақты қозғалысқа ауысуы мүмкін
-
11:44, 20 мамыр 2026
Рыбакина немесе Соболенко: WTA Чемпиондық жарысының көшбасшысы белгілі болды
-
11:35, 20 мамыр 2026
Mango брендінің негізін қалаушыны туған ұлы өлтірген болуы мүмкін - Испания полициясы жаңа мәлімдеме жасады





