Бұрынғы қызметкер ескі қызметтік киімнің көмегімен банктен 73 миллион теңгеден астам ақша алып кеткен
© Фото: unsplash
2022 жылдың 5 шілдесінде Ұлыбритания тұрғыны Квабен Кисси бұрын жұмыс істеген тәжірибесін пайдаланып, банктен ірі көлемде ақша жымқырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Газета.ru" басылымының Daily Mail-ге сілтеме жасап жазуынша, Кисси 2019-2020 жылдары жеке күзет компаниясында жұмыс істеген. Қылмыс жасаған күні ол сол кездегі ескі қызметтік киімін киіп, қорғаныс дулығасы мен медициналық бетперде таққан. Кейін инкассаторларға арналған арнайы чемоданды алып, Лондонның оңтүстігіндегі Santander банкінің бөлімшесіне барған.
Сол кезде банк қызметкерлері 256 мың фунт стерлингті (шамамен 160,3 миллион теңге) инкассацияға дайындап жатқан. Киссидің сырт келбеті мен киімі күмән тудырмағандықтан, қызметкерлер оған бірнеше сөмкеге салынған ақшаны еш күмәнсіз табыстаған. Ақшаны алғаннан кейін ол банктен шығып кетіп, қалған бөлігін алуға қайта оралмаған. Осыдан кейін ғана банк қызметкерлері күдіктене бастаған. Ал шынайы инкассатор келген кезде олардың алданып қалғаны белгілі болған.
Нәтижесінде Квабен Кисси 117 200 фунт стерлингті (шамамен 73,4 миллион теңге) алып кеткен.
Келесі күні ол Ганаға ұшып кетіп, онда науқас анасымен бірге төрт жыл тұрған. Ер адам тек 2026 жылдың наурыз айында Ұлыбританияға қайта оралған кезде қолға түсті. Ол такси шақырғанда өзінің шын аты-жөнін пайдаланғандықтан, құқық қорғау органдары оның елге келгенін анықтап, ұстап алған.
Сот Квабен Киссиді кінәлі деп танып, оны 3 жыл 4 айға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:25, 9 шілде 2026
Қазақстандықтардың салық жүктемесін төмендету жоспарланып отыр
-
12:14, 9 шілде 2026
Қазақстаннан 350 мың долларды заңсыз алып шықпақ болған шетелдік ұсталды
-
12:05, 9 шілде 2026
Қазақстанда қоныс аударғысы келетіндерге арналған жаңа цифрлық сервис іске қосылды
-
11:58, 9 шілде 2026
Астанада Сығанақ көшесінің бір бөлігі бір аптаға кезең-кезеңімен жабылады
-
11:46, 9 шілде 2026
Балық аулау кезінде қолтырауын 11 жастағы балаға шабуыл жасады





