Ресейде ана мен оның 10 айлық баласы суши жегеннен кейін ауруханаға түсті
© Сурет: pixabay
Оқиға Липецк қаласында (Ресей) болды. Төрт адамнан тұратын отбасы мейрамханалардың бірінде суши мен пиццаға тапсырыс беріп, артынша жұқпалы аурулар ауруханасына түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС мәліметтері бойынша, ересектерге орташа ауырлық дәрежесі диагнозы қойылған, ал 10 айлық балаға жеңіл. Қазір Роспотребнадзордың аймақтық басқармасы тексеру жүргізуде.
"Жексенбі күні екі әйел мен 17 жасар жасөспірім қыз және 10 айлық бала Липецк мейрамханаларының бірінде суши мен пицца жеген. Түнде олар өздерін нашар сезініп, жедел жәрдем шақырды, дәрігерлер оларды облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына жеткізді. Роспотребнадзор мамандары аталмыш фастфуд мейрамханасын тексеріп жатыр", — деп жазды ТАСС.
Бұған дейін 16 жасар жасөспірімнің өз отбасын қырып салғанын мойындағаны хабарланған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:59, 17 желтоқсан 2024
Екібастұзда зейнеткердің 13 миллион теңгесін ұрлаған күдікті анықталды
-
12:47, 17 желтоқсан 2024
Анна Седокованың экс-күйеуінің неден қаза тапқаны белгілі болды
-
12:31, 17 желтоқсан 2024
Президентке Тәуелсіздік күніне орай хаттар мен жеделхаттар келіп түсті
-
12:13, 17 желтоқсан 2024
Мадина Сәдуақасова көпшілікті сұлулығымен тамсандырды
-
11:58, 17 желтоқсан 2024
Омбудсман қазақстандықтарға проблемалық шағын несиелермен көмектесетін болады