«Референдум – 2026»: Елдің маңызды саяси оқиғасы live форматта өтеді
© Фото: Zakon.kz
2026 жылдың 15 наурызында ауқымды медиажоба – "Референдум – 2026" онлайн марафоны өтеді.
Марафон сағат 09:00-де басталып, түнгі 00:15-ке дейін жалғасады.
15 сағатқа созылатын тікелей эфир ел өміріндегі маңызды саяси оқиғаның барысын жан-жақты қамтып, референдум күнінің негізгі сәттерін, қоғам пікірі мен сарапшылар көзқарасын көрерменге жедел әрі заманауи форматта ұсынады.
Наурызнама онкүндігі аясында өтетін марафон – тек ақпараттық шара емес, қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылайтын, жаңа идеялар мен технологиялық бастамаларды таныстыратын бірегей алаң.
Іс-шараға саяси қайраткерлер, қоғамға танымал азаматтар, өз саласында табысқа жеткен мамандар, өнер мен мәдениет өкілдері және стартаперлер қатысып, ел дамуының маңызды бағыттары жөнінде пікір алмасады.
Жоба барысында көрермендер заманауи технологиялық шешімдер арқылы ұсынылатын ерекше көріністерді де тамашалай алады. Отандық өнертапқыштар жасаған роботтар бағдарлама жүргізуге қатысып, голограмма-шоу арқылы еліміздің соңғы жылдардағы жетістіктер шежіресі ұсынылады.
Марафон аясында 5 алаң жұмыс істейді. Сахнада қоғам қайраткерлері, өнертапқыштар, қайырымды ісімен танылған азаматтар өз ой-пікірлерін ортаға салып, концерттік бағдарлама ұсынылады. Сарапшылар мен қоғам өкілдерінің қатысуымен өзекті тақырыптарға арналған пікірталастар өтіп, инновациялық жобалар мен отандық стартаптар таныстырылады. Сонымен қатар марафон барысында қонақтармен блиц-сұхбаттар жүргізіліп, ел аймақтары мен шетелден тікелей қосылымдар ұйымдастырылады.
Онлайн марафон республикалық және аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының ресми сайттары мен әлеуметтік желі парақшаларында тікелей көрсетіледі.
Марафонға қатысты мәліметтер мен жедел ақпараттар "Референдум – 2026" Телеграм арнасында тұрақты түрде жарияланып отырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:58, 16 сәуір 2026
БҚО-да полицейлер интернет-алаяқтықтың жолын кесті
-
15:43, 16 сәуір 2026
16 сәуірдегі саудада доллар бағамы төмендеуді жалғастырды
-
15:26, 16 сәуір 2026
19 сәуірде Алматыда жолдардың жаппай жабылу себебі белгілі болды
-
15:10, 16 сәуір 2026
ІІМ мал ұрлығымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады
-
14:56, 16 сәуір 2026
Астанадағы қайғылы өрттен кейін: төтенше қызметтерге заңды өзгерту қажет – Әшімбаев





