Рақымшылыққа ілінген тағы бір Қазақстан азаматы туралы белгілі болды
© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
Ақмола облысында сот "Рақымшылық туралы..." заңды қолданды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2025 жылдың 2 шілдесінде Жақсы аудандық сотында мотоцикл ұрлаған ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралғаны белгілі болды.
"Сот Е.-ның ауыр емес қылмыс жасағанын анықтап, кінәсін мойындап, жәбірленушіге келтірілген залалды толық көлемде өтеген. Сотта Е. "Рақымшылық жасау туралы..." заңының қабылдануына байланысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішхат берді. Жәбірленуші мен прокурор сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатуға қарсы емес", – деп хабарлады сот.
"Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" ҚР Заңына сәйкес, жеңіл қылмыс жасаған адамдар қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске салды.
Сот қаулысымен ақмолалыққа қатысты қылмыстық іс тоқтатылып, ол ҚР "Рақымшылық жасау туралы..." Заңының негізінде қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.
Бұған дейін Ішкі істер министрлігі рақымшылық бойынша бостандыққа шыққан алғашқы қазақстандық туралы хабарлаған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:54, 18 желтоқсан 2025
Павлодарда есірткіні магнит арқылы жасырған азамат ұсталды
-
12:46, 18 желтоқсан 2025
Димаш Құдайберген жаңа атаққа ие болды
-
12:36, 18 желтоқсан 2025
Мемлекет басшысы Жапонияда тұрып жатқан қазақстандықтармен кездесті
-
12:35, 18 желтоқсан 2025
Атом энергиясы агенттігінің ғылыми-техникалық кеңесі туралы ереже бекітілді
-
12:24, 18 желтоқсан 2025
Жаңа жылдық құттықтау файлдары: ІІМ қазақстандықтарды сақ болуға шақырды





