Qazaqstan Barysy-2026 супертурнирінің ширек финалына шыққан балуандар анықталды
© Фото: zakon.kz
Астанада Qazaqstan Barysy – 2026 супертурнирі жалғасуда. 1/8 финалдағы тартысты белдесулердің қорытындысы бойынша турнирдің бас жүлдесі үшін күресті жалғастыратын сегіз үздік балуан анықталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Ғалымжан Қырықбай Санжар Жабборовты жеңді;
- Мәди Еділбаев Мұхтар Дәлелханұлынан басым түсті;
- Нұрсұлтан Қожагелдіұлы Нұрсұлтан Қабланды жеңді;
- Жансерік Жұмабай Адиль Бескемпірді жарыс жолынан шығарды;
- Еламан Ерғалиев Нұрдәулет Жарылғаповтан басым болды;
- Алмас Жұмағали Саят Шамшиевті жеңді;
- Жантілек Нұртілепұлы Жантілек Шынкеевтен басым түсті;
- Әділ Оразбаев Әділет Сапарғалиевті жеңді.
Осылайша ширек финалда төмендегі жұптар өзара белдеседі:
- Ғалымжан Қырықбай – Мәди Еділбаев;
- Нұрсұлтан Қожагелдіұлы – Жансерік Жұмабай;
- Еламан Ерғалиев – Алмас Жұмағали; Жантілек Нұртілепұлы – Әділ Оразбаев.
Енді турнир шешуші кезеңге аяқ басты. Ширек финалда жеңіске жеткен балуандар жартылай финалға жолдама алып, Qazaqstan Barysy – 2026 супертурнирінің жеңімпазы атағы үшін күресті жалғастырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
19:11, 15 тамыз 2026
Атырауда колонияға тыйым салынған затты тағам арасына жасырып өткізбек болғандар ұсталды
-
18:37, 15 тамыз 2026
Қазақстан көркем жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында екінші медалін жеңіп алды
-
17:41, 15 тамыз 2026
2026 жылғы Азия ойындары: ат спортынан Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды
-
17:03, 15 тамыз 2026
Мектеп оқушысы қанша сағат ұйықтауы керек
-
16:51, 15 тамыз 2026
«Қатты шаршадым»: Рыбакина Торонто финалындағы жеңілісін түсіндірді





