«Пышақты сүрткенін көрдім»: Талғардағы «Қамажай» дүкенінің алдындағы төбелеске қатысқан оқушы жауап берді

© Сурет: Zakon.kz
2025 жылғы 16 мамырда Жетісу облысы Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Шерзат Полаттың өліміне қатысты кәмелетке толмаған сотталушы жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Думан Ыскак Шерзат Полаттың өлімін тергеу ісі бойынша қалай күдікті атанғанын айтып берді.
"Ең алдымен, мен шын жүректен зардап шеккен тараптан кешірім сұраймын. 2024 жылдың 3 қазанында мен үйде болдым, бірде Нұрболдан қоңырау түскенін көрдім. Артынша өзім қайта қоңырау шалдым, ол ішімдік ішкенін, хабарласатын ешкім жоқ екенін айтып, өзінің көлігін басқарып, оны алып кетуімді сұрады. Ол менен үлкен болғандықтан оны сыйлайтынмын, сол себептен келістім. Алдымен оның досын апардық. Содан кейін Нұрбол Шыңғысқа қоңырау шалды, ол кафеде екенін айтты. Сосын Нұрбол 15 минутқа кіріп шығайық деген соң, сонда бардық",- деді Думан Ыскак.
Кафеде Нұрбол біреумен телефон арқылы сөйлесті. Одан кейін Думан Ыскакқа досы Дарханды біреу ұрғанын айтып, дүкенге жеткізуін өтінді.
"Онда Каржаубай мен Дархан болды. Қаржаубай аға Дарханның тауарды төлемегенін айтты. Содан кейін Нұрбол төлеп, біз кетіп қалдық. Бірақ жолда Дархан ренжіп, Нұрболға бәрін төлегенін айтып, чек көрсетті. Біз қайтып келіп, жағдайды айттық. Орынға келгенде мен Каржаубайдан сұрадым, ол оқиғаны түсіндіріп берді. Мен одан бізге қарсылығы бар-жоғын сұрадым, ол жоқ деді. Мен оған Дарханды білмейтінімді, тек Нұрбол үшін келгенімді айттым. Сосын көлікте отырдым", – деп қосты ол.
Думан Ысқақ Нұрболды көлікте күткенін, бірнеше рет кетуін сұрағанын, алайда танысы кішкене күтуін сұрағанын айтты.
"Кейін тағы да адамдар келді. Мен атыс дауысын естідім. Қорқып, машинаны сәл артқа жылжытып қойдым. 4-5 минуттан кейін "мерс" жанымнан өтіп кетті. Мен оны Нұрбол деп ойлап, көлікті қайтарып беру үшін оның артынан ердім. Шынымен де, ол сол жерде болып шықты. Олар басқа дүкеннің алдында тоқтады, Нұрбол сол кезде де сәл күтуімді өтінді. Сол жерде мен Абзал Шынасылдың пышағын сүртіп жатқанын көрдім және көліктегі мылтықты көрдім. Күдікке ілінер ештеңе болмады. Мен не болғанын сұрап едім, бәрі жақсы деп қысқа қайырды. Артық әңгіме болған жоқ. Содан кейін біз тау жаққа бардық, мен ол жақтан үйіме қайттым. Келесі күні мектепте Шерзаттың өлгенін естіп, күдікті 7 ер адам мен 2 қыздың ұсталғанын естідім. Мен полицияға хабарласқым келді, бірақ қорықтым. Екі күннен соң мені тергеуге шақырды", – деді Думан Ысқақ.
Айта кетейік, негізгі сот отырысында Шерзат Полаттың туыстары Думан Ысқақтың төбелеске қатыспағанын айтып, соттан оны босатуды сұрады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:03, 13 маусым 2025
Flydubai Қазақстан, Ресей және бірқатар елдерге рейстерді уақытша тоқтатты
-
22:40, 13 маусым 2025
Анна Данилина Лондондағы беделді турнирдің финалына шықты
-
22:20, 13 маусым 2025
Тұман, бұршақ және найзағай: Алматыда және 11 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
22:07, 13 маусым 2025
Қазақстан Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты алты елдің үстінен ұшуға тыйым салды
-
21:52, 13 маусым 2025
Аcтанада автобус аялдамасын сындырған ер адам жазаланды