Елордада көші-қон заңнамасын бұзған шетелдік елден шығарылды

12:45, 10 қазан 2024

© Фото: Zakon.kz

Елордада "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде полиция қызметкерлері көші-қон заңнамасын бұзудың 400-ден астам фактісін анықтады.

Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды.

Әкімшілік соттың шешімімен 70-тен астам шетелдік азамат Қазақстан Республикасынан шығарылды.

Мәселен, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері шетелдік 33 жастағы азаматты анықтады, ол 2021 жылы Алматы қаласы әкімшілік сотының шешімімен ҚР шегінен шығарылған, алайда қазіргі уақытқа дейін елден кетпеген және Қазақстанда заңсыз болған. Мигрант ҚР шегінен мәжбүрлеп шығарып жіберілді.

Полицейлер шетелдікті әуе рейсімен Үрімжі қаласына жіберді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!