Путин Назарбаевтың отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді
РФ Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевқа интеграцияны жетілдірудегі жұмысына алғысын білдірді және ол қызметінен кеткен соңда Қазақстан саясатының одан әрі жалғасын табатынына үміт ететінін айтты, - деп хабарлайды ТАСС.
- Біз көрші елде, ең жақын одақтасымызда қандай саяси оқиғалар болып жатқанын көріп отырмыз. Олар саяси басшылықтың ауысуына байланысты болып отыр, біз жалғастықтың болатынына үміт етеміз, - деді Путин, үкімет мүшелерімен дәстүрлі кездесуді ашу барысында. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбавтың ең жоғарғы мемлекеттік лауазымынан кетуіне байланысты, біздің оған бірлесіп атқарған жұмыстарға алғысымызды айтып, оған зор денсаулық пен жетістік тілеуімізге негіз бар, - деді президент.
РФ басшысы Назарбаевтың Қазақстан мен Ресейдің арасындағы ілгерілі интеграцияға бастамашы болғандардың бірі екенін айта кетті.
- Оны ЕурАзЭҚ деген деген атаумен белгілі, өте сәтті дамыған жобаның авторы деуге болады. Жобаның мұнша сәтті шыққаны да оның ЕурАзЭҚ жұмысына қолдау көрсетіп, тікелей қатысуының арқасы. Путин осы аталған прцесстерді қолдау үшін Ресей тарапы барлығын жасайтынын айтты.
Назарбаев 19 наурыз күні мемлекет басшысы өкілеттігін тоқтататынын айтқан болатын. Бірақ ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, "Нұр Отан" партиясының төрағасы және Конституциялық кеңестің мүшесі болып қала береді. Президент лауазымы Сенат төрағасы (парламенттің жоғарғы палатасы) Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырылды. Ол 20 наурыз күні Қазақстан халқына ант берді.
Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурыз күні отставкаға кетпестен алдын Владимр Путинмен телефон арқылы сөйлескен болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:19, 26 сәуір 2024
Ақтауда төрт жасар бала терезеден құлап мерт болды
-
21:53, 26 сәуір 2024
«Зорланған қыз жүкті». Полиция департаментінің бастығы Төлебидегі оқиғаға қатысты түсінік берді
-
21:16, 26 сәуір 2024
Ақтөбе облысында 20 тонна азық-түлік дәмдеуіштері бар жүк көлігі өртеніп кетті
-
20:46, 26 сәуір 2024
Путинцева Мадридте әлемнің сегізінші ракеткасынан айласын асырды
-
20:11, 26 сәуір 2024
Синоптиктер елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады