Президент төтенше жағдай кезінде өз құзіретін кеңейту туралы Заңға қол қойды

14:28, 16 мамыр 2020

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар өзгерістер енгізілген төтенше жағдайлар мәселесі жөніндегі Заңға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда хабарламасында.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Заң төтенше жағдай кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын, оның ішінде бүкіл мемлекеттік жүйенің тұрақтылығын қорғауға бағытталған шұғыл шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

"Төтенше жағдай және әлеуметтік-экономикалық салада туындаған дағдарыс кезінде шұғыл шаралар қабылдау үшін Қазақстан Республикасының Президентіне заңда қарастырылған белгілі бір әлеуметтік қатынастарды реттеудің басқа тәртібін белгілеу ұсынылады", - делінеді ұлттық экономика министрі Руслан Даленов қол қойған, экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, экологиялық салдарының болжамы қарастырылған заң жобасында.

Қазақстанда коронавирустың таралуын болдырмау үшін 2020 жылғы 16 наурыздан 11 мамырға дейін төтенше жағдай енгізілді.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!