Президент Тоқаев сапасыз жолдар мәселесін көтерді

17:26, 9 сәуір 2021

© Сурет: Pixabay

Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды, деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің twitter-дегі парақшасы арқылы, деп хабарлайды zakon.kz.

Президент жағдайды реттеу үшін үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жүйелі шаралар қабылдап, есеп беруді тапсырды.

Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр. Үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырдым, делінген жазбада.


Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!