Президент Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтаудың маңызын атап өтті
© Сурет: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі күрделі геосаяси жағдайда Орталық Азиядағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау басты міндеттердің бірі екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы терроризм, есірткі бизнесі, қару-жарақ және адам саудасы, заңсыз көші-қон, ұйымдасқан қылмыс пен алаяқтық аймақтағы қауіпсіздікке елеулі қатер төндіретінін атап өтті.
"Цифрлық технологиялардың қаскөйлердің, атап айтқанда, лаңкестер мен есірткі сататын қылмыстық топтардың қолына түсу қаупі қатты алаңдатады. Әрине, оған қарсы тұратын тәсілдеріміз заманға сай болуы керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Президент осы бағыттағы ынтымақтастықты нығайтуға Орталық Азия елдері қауіпсіздік кеңестері хатшыларының тұрақты кездесулері үлес қосып отырғанын айтты.
Үшінші кездесу 23-24 сәуірде Душанбеде өткен. Мемлекет басшысы былтыр Ташкентте қабылданған Аймақтық қауіпсіздік және тұрақтылық тұжырымдамасын, сондай-ақ қауіпсіздік тәуекелдері мен олардың алдын алу шараларының тізбесін жоғары бағалады.
"Мұны барлық тараптың мүлтіксіз орындауы маңызды", – деді Президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдетудің маңызын да атап өтті.
Оның айтуынша, Орталық Азия елдерін ортақ тарихи-мәдени мұра біріктіреді. Соңғы жылдары мемлекеттер арасындағы мәдени байланыстар жанданып, көрмелер, кинофестивальдер, форумдар мен еске алу кештері ұйымдастырылып келеді.
Президент жастар, жоғары оқу орындары, ғылыми қауымдастық пен шығармашылық өкілдері арасындағы байланысты одан әрі дамыту қажет екенін айтты.
Сонымен қатар мемлекет басшысы бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру аймақ елдерінің ынтымақтастығын тереңдете түсетінін атап өтті. Қазақстан осы бағытта Silk Way телеарнасы жанынан аймақтық телеарна ашу бастамасын көтерді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:25, 8 қазан 2026
Мүгедектігі бар адамдарды компенсаторлық құралдармен қамтамасыз ету тәртібі өзгерді
-
15:20, 8 қазан 2026
Ер адам шекарадан іш киіміне 10 тірі құс тығып өткізбек болған
-
15:11, 8 қазан 2026
«Этиологиясы анықталмаған пневмония»: ДДСҰ Иркутск облысындағы жағдайға қатысты жаңа мәлімдеме жасады
-
15:00, 8 қазан 2026
Қоңыр күздің жылы күндері: Қазақстанда қай қалада ауа температурасы +26°С-қа жетеді
-
14:54, 8 қазан 2026
ЖРВИ маусымында не істеу керек: Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің маңызды кеңестері





