Қызылордада мас күйде көлік жүргізген азамат 15 тәулікке қамалды
© Фото: Zakon.kz
Қызылорда қаласында патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету барысында мас күйде көлік басқарған жүргізушіні анықтады.
Рейд барысында полиция қызметкерлері күдік тудырған Toyota RAV4 автокөлік жүргізушісін тоқтатып, тексеру кезінде 33 жастағы жүргізушінің алкогольдік масаң күйде екені анықталды.
Құқық бұзушы полиция бөліміне жеткізілді. Оған қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот қаулысымен 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.
Автокөлік арнайы айып тұрағына қойылды. Айта кетейік, аталған құқық бұзушылық патрульдік полиция қызметкерлерінің бейнежетонына тіркелген. Полиция жүргізушілерді жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік тізгініне отырмауға шақырады.
Мас күйінде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіреді. "Заң мен тәртіп" қағидатын сақтау – әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:55, 24 қараша 2026
Ақтөбеде бір тәулікте орташа жылдамдықты асырудың 176 дерегі тіркелді
-
16:44, 24 қараша 2026
Ақтөбе облысында жол апатынан қаза тапқан дәрігер мен оның ұлын бір күнде жерлейді
-
16:37, 24 қараша 2026
Павлодарда түтін шыққан үйге асыққан полицейлер үш адамды өрт қаупінен аман алып қалды
-
16:30, 24 қараша 2026
Қазақстанда интернет желілерін бүлдіргендерге жаза күшейтілуі мүмкін
-
16:21, 24 қараша 2026
Өмір үшін 101 күндік күрес – Алматы дәрігерлері ана мен шала туған сәбиін аман алып қалды





